Өңірде жыл басынан бері учаскелік полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша 20 деректі тіркеді (ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу). Осы Кодекстің 438-бабы бойынша, яғни арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырту үшін 18 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ДП-ға сілтеме жасап.
Бұдан басқа, әкімшілік кодекстің 434-бабын бұзғаны үшін ұсақ құқық бұзушылықтарға жол берген 14 адам және 434-2-бапқа сәйкес қоғамдық орындарды ластаған 309 адам анықталды. 490 азамат тыныштықты бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша хаттамалар жасақталды Сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 440-бабы бойынша учаскелік полиция инспекторлары қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың 374 фактісін анықтады. Әкімшілік кодекстің 505-бабы бойынша, яғни қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл желектерді жою және бүлдіру бойыншв бір айда 576 адам жауапкершілікке тартылды.