Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларына Шора су арнасының аумағында екі ер адамның суға батып бара жатқанын тұрғындар хабарлады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қайықпен жылдам жүзіп жеткен төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері суға батып бара жатқан 1999 жылы туған екі ер адамды құтқарды.
Белгілі болғандай, демалушылар 350 метр қашықтыққа жүзіп барып, кері қарай өз бетімен жағаға жете алмаған.
-Құтқарушылар жедел жәрдем келгенше олардың біріне алғашқы медициналық көмек көрсетті. Екінші құтқарылған адамға медициналық көмек қажет болмады, - дейді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Бектас Мұратов.