12 қаңтарда өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен өңірге жем-шөп тасымалдайтын операторларымен кездесу өтіп, онда мал азығының жағдайы талқыланды, - деп хабарлайды mangystaaumedia.kz. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуге жем-шөп жеткізумен айналысатын операторлар, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар және т. б. қатысты.
Кездесуде өңірді мал азығымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Жалпы өңірдің климаттық ерекшелігіне байланысты, тіпті қолайлы ауа райы жағдайында өңірде қажетті мал азығы көлемі 10%-ға ғана дайындалады, қалған 90%-ы басқа өңірлерден тасымалданып, жеткізіледі. 2021-2022 жылдары аралығында өңірде орын алған қуаңшылыққа орай, мал азығы бағасын тұрақтандыру үшін бюджеттен 2,1 млрд.теңге бөлініп, жем-шөп халыққа қолжетімді төмен бағада сатылды. Нәтижесінде аймаққа 14,1 мың тонна шөп, 8,2 мың. тонна жем әкелінді.
Ал биыл қысқы мезгілге мал азығымен толық қамтамасыз ету үшін мал санына қарай 78 000 тонна шөп және 23 800 тонна жем қажет. Күні бүгінге 75,2 мың тонна шөп жиналды. Оның 12 мың тонна шөбі облыста шабылса, қалған 63 мың тонна шөп өзге облыстардан тасымалданды. Сонымен қатар 23,5 мың тонна жем әкелінді.
Сондай-ақ жыында бұрын айналым схемысы шеңберінде операторларға жылдық 0,1% - бен берілген мемлекет қаражаттын қайтару мәселелері талқыланды.