Ақтауда 2023 жылдың жылдық жоспарын бекіту мақсатында «Аналар кеңесінің» мүшелері бас қосты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Кездесуге Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева және кеңес мүшелері қатысты.
Кеңес төрағасы Гүлзира Есетованың айтуынша, жаңа 2023 жылға жоспарланған шаралар мен міндеттер өте көп.
-Осы жылы бізге жүктелген міндеттемелер өте көп. Қоғамдағы өткір мәселелерді назарымызға алып, сол бойынша жұмыс жүргізуіміз қажет. Сіздерден өзекті ұсыныстар күтеміз. Қатарымызға жаңадан психолог және заңгер мамандар қосылды. Бірігіп өте жақсы жұмыс атқаратынымызға сенімдімін, -деді кеңес төрағасы.
Отырыс барысында жыныстық сауаттылық, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау, электронды темекілер мен зиянды әдеттермен күресу, ерте отбасы құру секілді мәселелер басты назарда болды.
Жиын соңында 2023 жылдың жоспары бекітілді.