Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылының тұрғыны Жұмабек Бөлекбаев калифорниялық шылаушын өсіреді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Ол калифорниялық шылаушынды төрт-түлік малдың көңімен баптау арқылы «Биогумус» органикикалық тыңайтқыштарын алуда.
Еңбекқорлығымен калифорниялық шылаушын жер тыңайтуға арналған қызылқұрт өсіру арқылы, ерінбей еңбек етіп қазіргі таңда өз кәсібінің жемісін көруде.
2022 жылы 4000 литрден аса өнім алып ол биыл 6000 литрден асан өнім алуды жоспарлап отыр.
—Калифорниялық қызыл құрт – үй жануары сияқты зияны жоқ жәндік. Өсімдік қалдықтарының барлығымен қоректеніп, оны қара шіріндіге айналдырады. Шылаушынның өнімі - биогумус кез келген егін мен бау-бақшаны жайқалтып жібереди, диқан өнімді еселеп алады. Әсіресе жылыжай егіндері мен гүлге беру өте пайдалы. Мұндай тыңайтқыш берілген жер төрт жылға дейін өзінің жоғары құнарлылығын сақтайды, деді ауыл тұрғыны.
Сонымен қатар үй жағдайында жаяу жүргіншілер жолына арналған арнайы тастарды (брусчатка) дайындауда. Кәсіптің көзін тапқан ауыл азаматының ісі - көпке үлгі.