Маңғыстау облысындағы "Оңтүстік Қаратұрын" кен орнындағы орнындағы өрт күннен бері жанып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
2023 жылғы 09 маусымда сағат 03-25-те "Бозашы Мұнай" ЖШС "Қаратұрын Южный" мұнай-газ кен орнындағы Южный учаскесінде ұңғыманы бұрғылау кезінде 1088-1090м кенжар кезінде бұрғылау құралының көтерілуі нәтижесінде ашық газ-су құбырғыларына өткен газ-су қоспасының шығарылуы орын алып, өртке ұласқан еді. Жалынның биіктігі 7-10 метр болса, ұңғыманың жобалау тереңдігі 1200 метрге жетті.
Апатқа әкеп соқтырған алдын ала техникалық себеп ұңғыманы бұрғылау бойынша құрылыс жұмыстары кезінде ұңғыманың сағасындағы шығарындыларға қарсы жабдықтың разгерметизациясы болды.
9 маусымда сағат 09:00-де шамасында Маңғыстау облысының ТЖ Департаменті 33 бірлік техника және жеке құрамның 89 адамы мөлшерінде өртке қарсы қызмет пен көмекші техниканың жиынтық жасағын құрып, дереу апат орнына жіберген.
Мұнайгаз-су көрінісінің ұзақ фонтандық шығарылуының нәтижесінде диаметрі 15 метр, тереңдігі шамамен 2-ден 3 метрге дейін кратер (шұңқыр) түзе отырып, ұңғыма сағасының айналасында тау жыныстарының (шөгінділер, құламалар) құлауы орын алды.
Тау жыныстарының құлауына байланысты су бұрқақтайтын ұңғыманың сағасында ұңғыманың герметикалық жабдығының қалдықтары, атап айтқанда привентор, су бұрқағы арматурасы және басқа да жабдықтар жоқ. Осыған байланысты апатты жою мақсатында герметикалық ажыратылатын фланецті орнату мүмкін болмай отыр.
Өртке қарсы қызмет бөлімшелері апат орнында және ұңғымадағы өртті жоюға дайын. Алайда, бұрқақты ұңғыманы герметизациялау мүмкіндігінің болмауына байланысты жалынды сөндіру мүмкні болмай отыр.
Апат орнында Маңғыстау облысы ТЖД жиынтық жасағының, Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі "Семсерөртсөндіруші" ЖШС және КӘАҚҚ РОШ күштері мен құралдары бар.
2023 жылғы 12 маусымда нысан иесінің өкілдері ұңғымаларды бұрғылауды жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдардың өкілдерімен, сондай-ақ ТЖД және КӘАҚҚ өкілдерімен бірлесіп техникалық кеңес өткізген.
Нәтижесінде "Бозашы Мұнай" ЖШС қауіпті өндірістік объектісінің меншік иесі ұңғыма кратерін ауыр бұрғылау ерітіндісімен толтыру туралы шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта КӘАҚҚ РОШ бөлімшесінің күшімен ерітіндіні дайындау және ерітіндімен құю үшін желіні құрастыру жүзеге асырылады.
Маңғыстау облысы ТЖД жиынтық жасағының күштері мен құралдары апат болған жерде кезекшілік режимінде тұр.