Маңғыстау облысында 20-26 мамыр аралығында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2753 дерегі анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
МО полиция департаментінің хабарлауынша, көлікті мас күйде басқарған жиырма екі жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Учаскелік полиция инспекторлары жеті күнде тыныштықты бұзған 121 азаматқа, қоғамдық орындарда алкоголь өнімдерін тұтынған 79 құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттамалар жасақтады.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер түнгі мезгілде тұрғынжайдан тыс жүргені үшін 82 заңды өкілге айыппұл салынды. Жедел басқару орталығының қызметкерлерімен бейнебақылау камералары арқылы 390 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.
“102” желісі операторлары түрлі сипаттағы 5 770 хабарламаны қабылдады.
Сонымен қатар, “Сергек” бейнебақылау камерасының назарына 4067 жүргізуші түскен. Кибершериф” құрылғысының көмегімен облысымызда 469 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
“Қорғау - қауіпті жүргізуші” қосымшасы арқылы заң бұзушылыққа жол берген 31 көлік иесі анықталды.