Маңғыстауда 2023 жылдың 10 айында АИТВ-инфекциясын 50 адам жұқтырған. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Асқар Сағымбаев айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Спикердің айтуынша, өңірде 2023 жылдың есептік кезеңінде аурудың 50 жағдайы тіркелсе, 2022 жылдың сәйкес кезеңінде АИТВ-инфекциясының 67 жағдайы есептелген. Қазақстан Республикасының азаматтары арасында аурушаңдық деңгейі 12 жағдайға төмендеді. Осыған орай, 2023 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша АИТВ инфекциясына 115859 талдау жүргізілді.
-Талдау нәтижесінде 2023 жылдың 9 айында 50 жағдай анықталды. АИТВ-инфекциясының қалалар мен аудандар бойынша тіркелуі: Ақтауда -27, Бейнеу ауданында -4, Жаңаөзенде -5, Қарақия ауданында-2, Мұнайлы ауданында -10, Түпқараған ауданында-2 жағдай тіркелген. Сонымен қатар, Маңғыстау облысында 2023 жылғы 20 қараша мен 1 желтоқсан аралығында «Көшбасшылық – қауымдастықтарға» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған науқан өткізілді. Сондай-ақ, ауруды жұқтыру жолдарының 70%-ы жыныстық қатынас арқылы, сондай-ақ анадан балаға а және қан арқылы (операция), ине алғанда жұғу мүмкіндігі бар.
Айта кетейік, аталған аурудың алдын алу мақсатында сақтық шараларын ұстану қажет. Дәрігерге уақытылы тексерілу өте маңызды екенін ескерген жөн.