5-9 қыркүйек аралығында Маңғыстау облысында «Қару» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-не сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді тәркілеудің 16 фактісін тіркеді. ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша 16 қылмыстық іс тіркелді.
Заңсыз айналымнан барлығы 14 қару тәркіленді. Оның 10-ы - тапанша, қалған 4-і тегіс ұңғылы қару.
Сондай-ақ 12 оқ-дәрі тәркіленді.