Қарақия ауданына қарасты Құрық, Жетібай ауылының көшелеріне тоқ үнемдегіш жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды mangystaymedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Мақсаты – көшедегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Тұрғындардың ұсынысы бойынша, жанбай тұрған, іске асудан қалған жарық шамдары ауыстырылды.
Бүгінде 30 дана жарық шамы орнатылды. Мамандардың айтуы бойынша жарықтандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
- Жарық - ол әуелі түнгі мезгілде тұрғындардың қауіпсіздігі үшін маңызды! Қәзіргі заманға сай, жарықты үнемдейтін жарық шамын орнатып жатқан азаматтарға алғысым шексіз. Орнатылып жатқан жарық шамдары көңіл қуантады.Осындай жұмыстар жалғасын таба берсін, - деді ауыл тұрғыны.
Айта кетейік, жарық шамдары Құрық ауылы бойынша, «Жолшы массив» көшесімен 1 шағын ауданның 26,28,30 үйлердің арасына қойылса, Жетібай ауылының «Астана» шағын ауданына сонымен қатар, ауыз су беретін бекеттің ауласына орнатылды.