Маңғыстауда жүрегі кенет тоқтап, қайтыс болатындардың саны артқан, деп хабарлайды mangustaumedia.kz.
Өңірде 2022 жылы жүрек соғысы өзгеріп, 94 науқас көз жұмған.
«Соңғы кезде жүрек қан-тамыр жүйесі ауруларынан болатын асқынулар мен кенеттен өліп кету жағдайлары көбейіп отыр. Оған науқастардың медициналық көмекке кеш жүгінуі немесе берілген емді тұрақты түрде пайдаланбауы да себеп болып отыр. Соның әсері жүректің жиырылу қызметінің төмендеуіне, жүректің кеңеюіне, жүректің носостық қызметінің төмендеуіне алып келеді. 2022 жылы 1282 науқасқа коронарография жасалды, оның 378 науқасына осы аталған қан-тамырға стенд қойылды»,- деді Маңғыстау облыстық ауруханасы кардиохирургия орталығының кардиолог дәрігері Ақнұр Алдабергенова.
2022 жылы орталық ауруханада 260 рет жүрек отасы жасалды. Оның ішінде 213-і ота ашық түрде өткен. Ал 50-ге жуығы жүрек тамырының жолдарына жасалған.
Аталған оталардығ барлығы күрделілігіне байланысты бір жарым сағаттан төрт сағатқа дейін созылған.