Ақтауда "Ақжол+К" ЖШС шағынаудандардың ішіндегі тайғақ аймақтарға құм-тұз себу жұмыстарымен айналысады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің ақпараты бойынша, Ақтауда санитарлық жұмыстар жүргізетін "Ақжол + К" мекемесі шағынаудандар ішіндегі автомобиль және жаяу жүргіншілер жолдарын, яғни көктайғаққа бейім қауіпті учаскелерді құм-тұз қоспасымен себу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмысқа мекеменің кезекші тобының 23 қызметкері жұмылдырылған.