Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері ішкі істер органдары 140 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтатқан.
«Аумақтық полиция бөлімшелерінің басшылығы көлік кәсіпорындарының басшыларымен автобустарды бейнебақылау камераларымен және 102 қызметіне шығатын түймелерімен жабдықтау мәселесі бойынша кеңестер өткізді», - деп хабарлады ведомстводан.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңіспаевтың айтуынша, қазіргі таңда 5700-ге жуық автобус бақылау камераларымен жабдықталған, оның 900-і онлайн режимінде қарау мүмкіндігімен жабдықталған. Сонымен қатар, патрульдік полиция қызметкерлері жолаушылар көліктерінің ішінде алдын алу шараларын жүргізді.
Нәтижесінде, рейдтік шаралардың бірінші күнінде ғана қоғамдық көлікте жасалған 200-ден астам құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде: мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру; алкогольдік сусындарды ішу немесе мас күйінде болу; белгіленбеген жерлерде темекі шегу; ұсақ бұзақылық; жалпы көлікті ластау және т.б.
«Қоғамдық көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты түрде жалғасады. Осыған байланысты полицейлер кез келген құқықбұзушылықты, оның ішінде қоғамдық көлік ішінде де куә болған азаматтарды дереу 102 телефоны арқылы хабарлауға шақырады», - деді Әлібек Кеңіспаев.