ҚазГӨЗ ұжымы "Таза Қазақстан" экологиялық науқанының "Киелі мекен" апталығы аясында Кендірлі жеріне сенбілікке шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысындағы «Кендірлі» демалыс аймағы туризмді дамытуға қолайлы жер. Жаңаөзеннен 70 шақырым жерде орналасқан оазис мөлдір суы, сусыма құмы, әсем табиғатымен туристер мен қонақтарды өзіне баурап алады.
Компания ұжымынан 45 адам сенбілікке шығып, шамамен 90 қап қалдық жиналды. Жиналған қалдықтар Жаңаөзен қоқыс полигонына тапсырылды.
“Біз бүгін әріптестерімізбен осы республикалық акцияға өз үлесімізді қостық. Кендірлі аймағын қоқыстан тазарттық. Тұрғындар мен қонақтарды табиғатты қорғауға шақырамын”, деді белсенділер.
Айта кетейік, Маңғыстауда «Киелі мекен» апталығы аясында экобелсенділер мен еріктілер тарихи, мәдени ескерткіштердің айналасын абаттандырып, қоқыстан тазартқан болатын.