Жақында Ақтаудың 30 жастағы тұрғыны арықтауға арналған капсулаларды ішкеннен кейін жағдайы нашарлап, бір өлімнен аман қалған оқиғасы көптеген сұрақ туғызды. Атап айтқанда, диеталық қоспалар нарығы бақылана ма, егер солай болса, кім және қалай бақылайды? Өйткені, салмақтан арылуға арналған мұндай құралдар дәрі-дәрмек санатына емес, барлық адам сата беретін биологиялық қоспаларға жатады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық фармацевтикалық бақылау департаменті ББҚ-ларды (БАД) бақылаумен айналыспайтынын, тек дәріханаларда сатылатын медициналық препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды бақылайтынын түсіндірді. Диеталық қоспаларды бүгінде кез – келген жерден – дүкендерден, базарлардан, интернеттен сатып алуға болады. Мұны Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қадағалайды. Бұл ведомство "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексінің 56-бабына сәйкес тағамға биологиялық қоспалардың жарнамасын бақылауды жүзеге асыруы тиіс.
"Департамент биологиялық белсенді қоспаға рұқсат беру құжатының, яғни ҚР ДСМ санэпидбақылау комитеті беретін өнімде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуын бақылайды. Маңғыстау облысы бойынша ҰЭО филиалының зертханалық қызметі ауыр металл тұздары мен радиоактивті заттардың, пестицидтердің болуына ББҚ-ға зерттеулер жүргізеді. Диеталық қоспаның ағзаға дәрілік әсерін бақылау Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органының құзыретіне кірмейді", - деп хабарлады департамент.
Бұл немесе басқа диеталық қоспалар адам ағзасына қалай әсер ететініне ешкім жауап бермейді және оны ешкім басқара алмайды. Сондықтан олар Instagram-дағы жүздеген, тіпті мыңдаған қолданушы салмақ тастауға арналған "Ғажайып" таблеткалар «тез және тиімді нәтиже көрсетеді» деп уәде беріп, сатады.