Қарақиялықтарға аудандағы бос жұмыс орындары және мемлекеттік қолдаулар туралы түсінік жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігіне сілтеме жасап.
Жәрмеңкеге аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, агронесие корпорациясы, «Мұнайлы несие» кредиттік серіктестігінің өкілдері қатысты.
Сондай-ақ, тұрғындар және жеке кәсіпкерлерге 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы, мемлекеттік бағдарламалар оның ішінде (алғашқы жұмыс орны, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыс орыны, ұрпақтар келісім шарты, күміс жас жобасы) қайтарымсыз қаржылай грант беру, жастарға арналған 2,5%-бен несие беру жобалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
-Мемлекеттік бағдарламалар аясында аудан аумағынынан жұмысқа орналасқандар саны 164. Оның ішінде «Жастар практикасы» - 6, әлеуметтік жұмыс орындарына - 15, қоғамдық жұмысқа 140, «Алғашқы жұмыс орындары» бағдарламасы - 1, «Күміс жас» жобасы аясында 5 адам уақытша жұмыспен қамтылды, - дейді мамандар.
Айта кетейік, тұрғындарға аудандағы бос жұмыс орындары бойынша 176 жұмыс орны ұсынылды. Ал ауданда мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген 424 бос жұмыс орны бар.