Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық статистика бюросы 18 жасқа толмаған қыздардың жүктілігі мен тұрмысқа шығуы туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
ДСМ 2023 жылдың 11 айында елімізде 18 жасқа толмаған 2105 қыз жүкті болғанын хабарлады.
2023 жылдың 11 айында жүкті болған 18 жасқа дейінгі қыздардың ең көп саны Түркістан, Маңғыстау және Алматы облыстарында тіркелгені хабарланды. 18 жасқа толмаған босанған қыздардың саны 1411 болған. Сауалға жауап ретінде Ұлттық статистика басқармасы 2023 жылы 18 жасқа толмаған 866 қыздың тұрмысқа шыққанын, ал 18 жасқа толмаған 79 ұлдың үйленгенін айтты.
Айта кетейік, Қазақстанда 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскені үшін (зорлық-зомбылықсыз) қылмыстық жаза қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 122-бабында көрсетілген.
Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.