Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 15-34 жас аралығындағы жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 3,4 пайызды құрады. Жұмыс істемейтін және біліммен немесе кәсіптік оқумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 7,1% , яғни 379,3 мың адамды құрады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
2024 жылдың қаңтар айының соңында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 264,5 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 2,8%-ын құрады.
2023 жылдың төртінші тоқсанында Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі (олар табыс әкелетін кәсібі, жұмыстары болмағандар), оны белсенді түрде іздегендер және бастауға дайын болғандар) 4,7%-ды құрады.
-Республика экономикасының әртүрлі салаларында 9042,3 мың адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 6906,3 мың адам жалданбалы жұмысшылар (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,4%), 2136 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (жалпы санның 23,6%). 15 жастан асқандарды жұмыспен қамту деңгейі 65,1% құрады, деп хабарлады бюро.
2022 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар негізінен жалдамалы жұмысшылардың есебінен 76,7 мың адамға өсті (75,4 мың адамға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 1,3 мың адамға).
Жұмыспен қамтылған халық санының ең үлкен өсімі ақпарат және коммуникациялар, кәсіби және ғылыми қызмет, өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында байқалды.