
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 297-бабының 3-тармағының 3-бөлігімен C-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Сотта анықталғандай, 01.06.2023 жылы С-ның Мұнайлы ауданында орналасқан үйінде аса ірі мөлшерде есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сақтағаны анықталған. Куәгерлердің қатысуымен үйді тінту барысында, 4 дана полимерлі футляр, 8 дана полимерлі қорап, 5 түрлі-түсті кристалдары бар «зиплок» полимерлі пакеттер және ұнтақ түріндегі заттар табылған», деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен C. кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Үкім заңды күшіне енді.