Жаңаөзен қаласының тұрғыны Балия Елтаева мұнай жабдықтары мен технологиялық коммуникацияларды жөндеу басқармасында дозиметрист болып қызмет етеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балия Саудабайқызы 1963 жылы 25 қазанда дүниеге келген. 1982 жылы Каспий технологиялық училищесін «темір жонушы» мамандығы бойынша тәмамдап, бастапқыда «Бұрғылау» мекемесінде қызмет атқарған.
Қазіргі таңда өндірістік кәсіпорында дозиметрист қызметін атқарады. Аталған салада 40 жылдан астам еңбек еткен Балия Саудабайқызы келер жылы құрметті зейнет демалысына шығады.
- Ұжымда ер азаматтармен бірге жұмыс істейміз. Әйел адам болғасын жауапкершілік жүгі зор, алайда үй тірлігі мен қауырт қызметті қатар алып жүрмін. 40 жылдан астам уақыт әртүрлі мамандықты игеріп, осы салада қызмет етіп келе жатырмыз, - деді Балия Елтаева.
Бүгінде Балия Саудабайқызы 3 бала, 9 немере тәрбиелеп отырған аяулы ана.