2023 жылы Маңғыстау облысы бойынша мамандандырылған ХҚКО-лар 1408 мыңға жуық жоғарғы сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша баспасөз қызметінің хабарлауынша, нөмір үшін көлік иелері 350 миллион теңгеден астам ақша төлеген.
2023 жылы маңғыстаулықтар 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 сияқты сұранысы жоғары 1306 мемлекеттік нөмір сатып алған. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК-ті (2024 жылы 210 444 теңге) құрайды.
VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлерінің 102 саны сатылған. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін 285 АЕК (2024 жылы 1 052 220 теңге) тұрады.
Еске сала кетсек, ҚазақстандаVIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі.