Бибісара Асаубаева Swiss Queens Wednesday атты 21-ші халықаралық онлайн шахмат турнирінде жеңіске жетті. Бұл туралы FIDE халықаралық шахмат федерациясы хабарлады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
2024 жылы Халықаралық шахмат федерациясы өзінің 100 жылдығын атап өтеді және осы осы оқиғаға арналған көптеген іс-шаралардың бірі - апта сайынғы Swiss Queens онлайн турнирлерінің сериясы.
Биылғы жұлдызды бәсекенің жеңімпазы қазақстандық шахматшы, шахматтың блиц түрінен екі дүркін әлем чемпионы (2021, 2022 ж) Бибісара Асаубаева 11 ұпайдан 9,5 ұпай жинап, қарсыластарынан бір ұпайға озып кетті.
Ресейлік шахматшылар Анастасия Боднарук пен Валентина Гунина сәйкесінше екінші және үшінші орындарға ие болды.
Бибісара бұған дейін де осы жарыстарда жеңіске жеткен болатын.