Бейнеу ауданы әкімін сайлауда жақында ғана отау құрған жас отбасы дауыс берді. Олар Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебінде орналасқан №115 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Нұртілеу Махсатұлы мен Гүларша Ниетуллақызының шаңырақ көтергендеріне 1 апта болды. Отбасы ретінде жасаған алғашқы қадамдарының бірі аудан әкімінің сайлауына сәйкес келіп, кемел келешек үшін таңдау жасадық дейді олар.
-Осы уақытқа дейін сайлауға өзім ғана келсем, бұл жолы жұбайыммен бірге келіп таңдау жасадық. Ауданның гүлденуі мен үздіктер қатарынан көрінуі білікті басшының нәтижелі жұмысына байланысты. Сайланған әкімнен күтеріміз көп, үмітіміз зор. Бүгінгі сайлауда Бейнеу ауданын алға жетелейтін азамат жеңіп шығады деген сенімдемін, - деді Нұртілеу Махсатұлы.
Айта кетейік, сайлауға отбасымен бірге келіп, дауыс беріп жатқан тұрғындар саны көп.