Кеше сағат 02:20 шамасында Мұнайлы ауданы, Баянды ауылы аумағында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтарды көму полигонының №3 картасында өрт шықты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Өрт аумағы 400 шаршы метрді құрады. Таңғы 04:40 шамасында жалындаған өрт толықтай сөндірілген.
«Мұнайлы аудандық ТЖД бөлімі мен аудандық әкімдік тарапынан 6 жүк тасымалдағыш, 5 жүктиегіш, 5 дана су тасымалдайтын автокөлік және 4 дана өрт сөндіру көлігі жұмылдырылған.
Қазір өрт болған аумақтан шыққан түтінді топырақпен көму жұмыстары жалғасып жатыр», - деді Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Нұрхан Мұстафаев.