Ақтауда облыстық БАҚ өкілдері мен баспасөз қызметкерлерінің қатысуымен 2 күнге созылған баспасөз турнирі өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Спорттық іс-шараның екінші күнінде БАҚ өкілдері волейболдан сынға түсті. Кубок облыстық ішкі саясат басқармасының бастауымен және "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ қолдауы аясында өтті. Жарыс ұйымдастырушысы – "Жағымды жаңалық" ҚҚ.
Жарыс қорытындысы бойынша "Маңғыстау Медиа" ЖШС құрамасы ең көп ұпай жинап, 1-орынға ие болды. Ал жүлделі 2-орынды облыстық Маңғыстау телеарнасы мен облыстық қоғамдық коммуникация орталығы командасы қанжығасына байлады, 3-орынға "Жолбаян плюс" ие болды. Жеңімпаздарға арнайы медаль мен диплом табысталды. Сондай-ақ демеуші тарапанынан қаржылай сыйақы берілмек.