
Yessenov university Орталық Азиядағы үздік 30 ЖОО қатарына қосылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
QS рейтингтік агенттігі Азия құрлығында орналасқан 857 университеттің қызметін талдай отырып, QS Asia University Rankings 2024 рейтингінің нәтижелерін ұсынды.
Биылғы рейтинге жаңа 149 университтер қосылған.
QS Asia University Rankings халықаралық рейтингінің қорытындысы бойынша, Қазақстан университеттер арасында өз позициясын айтарлықтай жақсартып, яғни 29 орыннан 21 орынға көтерілді. Сонымен қатар Орталық Азия университеттер арасында 30-шы орынды иеленді. Ал барлық Азия университеттері арасындағы 601-650 орынға ие болды.
QS Asia University Rankings рейтингін жасау үшін 11 көрсеткіш пайдаланылады. Осы көрсеткіштердің барлығы үздік университеттердің қызметін объективті және толық сипаттайды.
2024 жылы шетелдік оқытушылар мен оқытушылар үлесінің көрсеткіштері бойынша университет Қазақстан университеттер арасындағы көшбасшы болып келеді. Бұл әлемдік қоғамдастық тарапынан университеттің интернациализациялану үрдісінің жоғарғы деңгейде іске асырылуын көрсетеді.