Бүгін облыс орталығының жоғарғы бөлігіндегі шағын аудандарының басым бөлігіне ауыз су беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Каспий жылу, су арнасы" МКК-нің хабарлауынша, бұған магистральдық ауыз су құбырының екпіні себеп болып отыр.
"Магистральдық ауыз су құбырының екпініне байланысты 16, 17, 18, 18а, 19, 20, 39, 40, 41, 44, 45 27, 30, 31, 31а, 31б, 32, 32а, 32б, 33, 34, 34а, 35 шағын аудандар мен Шығыс-1, 2, 3-те ауыз су беру уақытша тоқтатылды. Бұл жерлер анықталып, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр", - деп жазылған кәсіпорын таратқан хабарламада.