Жаңаөзенде қалалық әкімдік алдында қоғамдық тәртіп бұзу дерегі тіркелді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. облыстық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған оқиға 10 мамырда сағат 12:00 шамасында әкімдік ғимаратының алдында болған. Құқық бұзушылармен прокуратура және әкімдік қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналғандар ескертуге қарамастан, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабын бұза отырып (Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу) наразылық акциясын өткізетіндерін мәлімдеді.
Полиция қызметкерлері 17 құқық бұзушыны полиция басқармасына жеткізді. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, кейін үйлеріне жіберілді.