Маңғыстау облысы Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Ақтаудағы құрылыс нысандарында жүргізілген рейд кезінде заңсыз жұмыс істеп жүрген 30 шетелдік азаматты анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме беріп.
Құқық бұзушылар Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шетелден жұмыс күшін заңсыз тартқан жұмыс берушілерге де айыппұл салынады.
Іс сотқа жолданды.