Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты жеке кәсіпкер «Т»-ға қатысты ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық істі қарады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сотта анықталғандай, жеке кәсіпкер «Т» Ақтау қаласының 8 шағынауданда орналасқан дүкенінде 21 ақпан 2024 жылы сағат 23:50 шамасында алкоголь өнiмін сатқан.
«Сот қаулысымен жеке кәсіпкер «Т» ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 147 680 теңге әкімшілік айыппұл салынып, алкоголь өнімін сақтауға, сатуға берілген қызмет лицензиясының қолданысы 1 айға тоқтатылды», деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.