Бүгін Ақтауда 3 Б шағынаудан № 314/8 орналасқан «Аuvostar» техникалық қызмет көрсету станциясы өртенді. Оқиға сағат сағат 14:50-де болған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Гараждан 2 автокөлік қауіпсіз орынға шығарылды, гараж ішіндегі 1 автокөлік толығымен жанып кетті. Сонымен қатар 2 газ баллоны мен 1 оттегі баллоны қауіпсіз жерге шығарылды, - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 7 бірлік техника және 23 адам, полиция департаментінен 3 бірлік техника мен 9 адам, ЦӘК-дан 1 бірлік, 3 адам жұмылдырылды.
Өрт сағат 16:07-де сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.