Бұл оқиға 28 қазанда 17ш/а №3 үйде болған. «Каспий Тауэрс Сервис» коммуналдық кәсіпорнының қызметкері су басқан жертөледе жұмыс істеу барысында электр тоғы ұрып, қаза тапты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қоңырауға жедел-тергеу тобы барды. Оқиға салдарынан 29 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабы бойынша Ақтау қаласы СДТБТ тіркеліп, сараптама тағайындалды. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Айта кетейік, марқұмның артында төрт баласы қалды.