Бүгін, 29 қазан – Жалпыұлттық аза тұту күні. Осыған байланысты қаладағы барлық мемлекеттің мекеме мен өңірдегі шет мемлекет консулдықтарының алдындағы мемлекеттік ту төмен түсірілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Қазақстанның Қарағанды облысындағы көмір шахтасы апатында қаза тапқан кеншілерді Аллаһ мейіріміне бөлесін. Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына және Қазақстан халқына көңіл айтамыз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз. Жүрегіміз бауырларымызбен бірге,- делінген Түркияның Ақтаудағы Бас консулдығы парақшасында.