Таңнан бері толассыз жауған жауын салдарынан Ақтау көшелері мен жолдарды көлкіген су басты. Таңғы сағат 07:00-ден бастап "Қала жолдары" ЖШС-нің күндізгі қызметкерлері жолдардан суды сорумен айналысып жатыр, деп хабарлайды сайт mangystaumedia.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасай отырып.
Атап айтар болсақ,
"Халық Арена" жанындағы №22 жолда – 2 мотосорғы,
Облыс әкімдігі мен "Қазақтелеком" АҚ ғимараты жанындағы №3 жолда -2 мотосорғы;
"Аққала Молл" сауда орталығы жанындағы № 18 жол бойында - 1 мотосорғы;
16 шағынаудандағы "Инара" тұрғын үй кешені жанында - 3 мотосорғы;
№22 және №19 автокөлік жолдарының қиылысында, 19 шағынауданлағы 1-үй; - №7 автокөлік жолдарының, 14 және 19 шағынауданында -1 бойлер орнатылған.
Бұл жұмыстарға 60 жол жұмысшысы, 8 мотосорғы, 1 автокөлік қазандығы, (Ассенизатор), 8 "Газель" автокөлігі, төтенше жағдайлар департаментінің 8 қызметкері, 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
№22 автомобиль жолында, 32 б шағын ауданындағы "Салық департаменті" жанында - 1 мотосорғы;
-№22 автомобиль жолында, 32в шағынауданындағы "Шаңырақ" тұрғын үй кешенінде - 1 мотосорғы; "ҚЖСА" МКК-де қазандықтың 1 автокөлігі іске қосылды.