Ақтауда 33 шағынаудандағы 32-ші үйдің тұрғындары жылыту маусымы басталғанына қарамастан әлі күнге үйге жылу берілмегеніне шағым түсірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған үйдің тұрғындары мәселеге қатысты алаңдаушылық білдіріп, жауапты тараптан мәселені жедел шешіп беруді сұрап отыр.
«33 шағынаудандағы 32 тұрғынүйде әлі жылу жоқ. Кеше біздің үйге жауапты мекеме жұмысын бастады. Бірақ біздің үйге жылу берілмеді», - деді тұрғындардың бірі бейнежазба арқылы.
Бұл мәселе бойынша Ақтау қалалық әкімдігінің жауапты мамандары тұрғындармен түн ішінде кездесіп, тұрғындардың талабын реттеу бойынша тиісті жұмыстарды бірден қолға алған.
Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі аталған тұрғынүйге қатысты жылу беру жұмыстарына тисті жұмыс тобы бекітіліп, жұмыс жалғасып жатқанын хабарлады.