Ақтауда жаңбыр жаууына байланысты кейбір жолдарда көктайғақ болмас үшін коммуналдық сала қызметкерлері құм-тұз шашу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жұмыстарға 2 жауапты шебер, 15 жұмысшы, 3 МАЗ құм шашқыш(пескоразбрасыватель), 2 самосвал, 1 трактор құм шашқыш(пескоразбрасыватель), 1 автотиегіш, 1 ассенизатор (Бойлер ) , 7 мотопомпа, 2 газель көлігі жұмылдырылды.
«Строй Инвест 2020» ЖШС жолдағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында мына мекен-жайлар бойынша құм, тұз себу жұмыстарын жүргізді:
-№7 жол, 7 және 7А шағын аудан аралығы;
-№7 жол, 4 және 4А шағын аудан аралығы.
Мамандар құм-тұзды басқа да жолдарға себетінін жеткізді.