28 қаңтар күні түнде Ақтауда қалың қар жауды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазгидрометтің хабарлауынша, бүгін Маңғыстау облысында қатты көктайғақ болады.
Бүгін Атмосфера фронттарының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын (көбіне қар) жауады. Еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды.
Солтүстік пен оңтүстікте тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасын соғады, батыс пен оңтүстікте көктайғақ болады.