Ақтауда жаңа шағынаудандарды сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін қуаты 45 МВт (39 Гкал/сағат) 9 блокты-модульдық қазандықтар орнатылып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Алғашқы кезеңде 5 қазандық 13, 15, 28а, 33 шағынаудандарда іске қосылады. Қазіргі таңда қазандықтарды монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстарды Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаров бақылап қайтты.
Ал екінші кезеңде 4 қазандық 19, 19а, 32 а шағынаудандарға орнатылады. Нәтижесінде 62 көп қабатты тұрғын үй сапалы жылумен қамтылады.
Сонымен қатар "Каспий жылу, су арнасы" МКК 17 шағынауданда орналасқан қазандыққа қосымша қуаты 24 МВт (20.6 Гкал/сағат) қазандықтарды орнатуда. Нәтижесінде 20 көпқабатты тұрғын үй сапалы жылуға қол жеткізеді. Қазіргі таңда "Каспий жылу, су арнасы" МКК мамандары қазандықтарды іске қосу бойынша барлық шараны қабылдап жатыр. Осы ретте облыс әкімінің орынбасары құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақытылы аяқтауды тапсырды.