
Ақтаудағы №12 мектептің салқын болуына байланысты оқушылар сыныпта сырт киіммен отыруға мәжбүр. Ата-аналардың айтуынша, үзілісте балалар дәліздегі жылу жүйесіне барып жылынып жүр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қалалық білім бөлімі аталған мәселеге қатысты қазір мектептерде жылу беру жүйесі тұрақты қадағаланып отыр.
«Қазір кабинеттердегі температура 18-20 градустан төмен түспейді. Сынып жетекшілері ата-аналар мен оқушыларға мектепке жылы киіну керек екенін ескертті. Бірақ көптеген оқушылар бұл ұсынысты елемей, үнемі жұқа киінеді. Бірнеше кабинеттегі ауа температурасы 16 градус. Бірақ мұнда оқушылар сабақ оқымайды. Әрі олар сабақта сырт киіммен отырмайды", - деді білім бөлімі.