Қаңтар айында Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша Ақтау порты арқылы контейнерлерді ауыстырып тиеу 2 есе өсті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
2024 жылғы қаңтарда Ақтау теңіз порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеудің жалпы көлемі 360 мың тоннадан асты. Бұл 2023 жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткішінен 12,7% жоғары болып отыр. Порт 3 мың тонна астық, 310 мың тонна мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеуді қамтамасыз еткен.
Теңіз айлағы 2,3 мыңнан астам контейнерді жиырма футтық эквивалентте өңдеді, бұл өткен қаңтарға қарағанда 30% көп. Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша 2 мыңнан астам ЖФЭ бар. Бұл көрсеткіш өткен жылдың деңгейіне қарағанда 2 есеге артты.