Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс орталығындағы 20-ға жуық шағын ауданда ауыз судың болмауына «Ақжол құрылыс» компаниясының қатысы жоқ, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«35-шағын аудандағы ЦУВС-4-тен диаметрі 710 мм полиэтиленді құрайтын ауыз су құбырының жарылуы салдарынан ауыз су уақытша өшірілді. Бұл құбыр негізі тас жолдың астынан өтеді», - делінген аталған мемлекеттік мекеменің хабарламасында.
«ҚЖСА» МКҚК директорының орынбасары Ислям Үсеновтың айтуынша, жарылысқа полиэтилен құбырының тігіс бойындағы жарылуы себеп.
Қазіргі уақытта 16-20 ықшамаудандар, 27 шағынаудандағы 39, 40, 41, 44, 45 үйлер, 30-дан 35-ке дейінгі ықшамаудандар, Шығыс-1,2,3 ықшам аудандарында ауыз суға шектеу қойылды.
«Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. «ҚЖСА» МКҚК қызметкерлері құбырдың бүлінген бөлігін қалпына келтіріп, тез арада су беруді қалпына келтіру үшін барлығын жасап жатыр», - деп хабарлады Ақтау әкімдігі.