Видеодағы келеңсіз оқиға 30 желтоқсан күні Алматы-Маңғыстау бағытындағы пойызда орын алған еді. Оқиғаның мән-жайын көлік полицейлері түсіндірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz zakon.kz- ке сілтеме жасап.
Жанжал пойыз бастығы мен 37 жастағы жолаушы арасында туындаған. Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК 389-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сондай-ақ, қылмыстық істі Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімі тергеп жатыр.
"Бастапқы тексеру нәтижелері бойынша 37 жастағы жолаушы ҚР ӘҚБтК-нің 204 ("қоғамдық орындағы сауда") және 434 ("ұсақ бұзақылық") баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, пойыз бастығына қатысты. ҚР ҚК 434-бабы ("ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттама жасалды". – деп хабарлады көліктегі ПД-ның баспасөз қызметі.