Бұл туралы компанияның жұртшылықпен байланыс бөлімі хабарлады.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның Қаламқас кен орнындағы құбырдан мұнай ағу оқиғасының зардаптарын жою бойынша бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда. Қазіргі уақытта оқиға орын алған №65-топтық қондырғы аумағы 99 пайызға тазартылды, №41- топтық қондырғы учаскесінде ластанған аумақты тазалау жұмыстары атқарылып жатыр. Мұнай қалдықтары "ЭкоОйлСервис" ЖШС мердігерлік ұйымының күшімен шығарылып, одан әрі өңделуде.
Биыл 10-16 ақпан күндері аралығында 486 тоннадан астам қалдық шығарылды. Мұнай төгілу салдарын жою жөніндегі шаралар экологтар, өндіріс салсы және басқа да тиісті мамандардан құрылған комиссияның қатаң бақылауымен жүргізілуде.
Айта кетейік, оқиға 8 ақпан күні орын алған. Қаламқас кен орнындағы шыны пластик құбырдың осьтік құбырында мұнайдың ағып кетуі анықталғаннан кейін, мұнай тасымалдау бірден резервтік құбырға ауыстырылды. Оқиға өндірістік жұмысқа әсер еткен жоқ, кен оргы штаттық режимде жұмыс істеуде.