22 шілде күні сағат 00:00-де Ақтау қаласында ыстық су уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-ға сілтеме жасап.
Ыстық су қаланың төменгі аумағындағы (1-6 шағынаудандар) жөндеу жұмыстарына байланысты, тек сол шағынаудандарда тоқтатылып отыр.
Энергия кәсіпорнының ақпараты бойынша, ыстық су жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, 29 шілдеде беріледі.