Ақтаудағы 16-шағынаудан абаттандырылып, ішкі автокөлік жолдары салынады. Бұл туралы облыс әкімдігінің телеграм каналында Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Желі қолданушысы облыс әкімдігінің телеграм каналына 16-шағынауданның ішкі жолдарына қашан асфальт төселетінін сұрап сауал жолдаған. Жауапты мекеме өкілдерінің айтуынша, ішкі автокөлік жолының құрылысы және абаттандыру бойынша жоба жасақталуда. Сараптама қорытындысы биыл қыркүйек айында дайын болады. Жобалаушы мекеме — «АТК Жанаөзен» ЖШС.
- Сонымен қатар, «Ақтау» ойын-сауық орталығының артқы жағындағы бос жерге 1200 орындық мектеп салынады. Қазіргі таңда, жоба жұмыстары жасақталып, сараптамаға жолданды. Қорытындысы тамыз айында дайын болады. Жобалаушы мекеме — «НИИТЭП» ЖШС. Аталған 2 жоба бойынша қорытындылары алынған соң, бюджеттен қаражат сұралып, құрылыс басталады, - дейді Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің өкілдері.