Ақтау тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары теңіз жағасындағы қоқысты тазалауға мердігер мекемеге тапсырма берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме жасап.
Желі қолданушысы 14-шағынаудандағы 19-үйге қарама-қарсы, теңіз жағасында орналасқан дүкеннің қасында үйіліп қалған қоқысты суретке түсіріп, облыс әкімдігінің телеграм каналына салған және оны қашан тазалайтынын сұраған. Қала тазалығына жауапты мекеме өкілдері шағымға жауап берді. Жауаптылардың мәлімдеуінше, теңіз жағалауындағы қоқыстарды алуға мердігер мекемеге тапсырма берілген.
- Жақын арада аталған мекен-жайдағы қоқыс толық тазаланады, - дейді жауаптылар.