Жол апатынан зардап шеккен екі адам Маңғыстау облыстық ауруханасына түсті, олардың біреуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- 1989 жылы туған науқастың жағдайы өте ауыр, гемодинамикалық жағдайы тұрақсыз. Ер адамға жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының және өкпесінің контузиясы, полижарақат, екі жақты пневмоторакс, алдыңғы бұғана, қабырға сынықтары, сол жақ жіліншік сүйектерінің ашық сынуы диагнозы қойылды. Екінші зардап шегуші жансақтау бөлімінде нейрохирургияда жатыр. Ол есін жиды, – дейді Маңғыстау облыстық ауруханасының (МОБ) анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі Бақытжан Қойбеков.
Еске салайық, жол апаты 17 шілдеге қараған түні Жетібай – Шетпе – Бейнеу – Доссор тас жолының 204-шақырымында болған. Lada Priora жүргізушісі түйені қағып, үш адам жараланған.