Бүгін, 5 маусым таңнан бері Маңғыстау ауданы бойынша барлық сайлау учаскесінде дауыс беру қарқынды жүруде, тұрғындар белсенді.
Алғашқылардың бірі болып дауыс беруге келген аудан әкімі Т.Көшмағанбетов өз таңдауын жасады.
Айта кету керек, Маңғыстау ауданында барлығы — 40 мыңдай халық тұрады, оның ішінде сайлауға қатысып, дауыс беру құқығына ие — 18 487 тұрғын бар.
Аудан бойынша барлығы 22 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Дауыс беру таңғы 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.