© Суретті түсірген Т. Құсайын
Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Мадина Рахметова айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Оның ішінде медицина қызметкері, мемлекеттік қызметкерлер, күш құрылым қызметкерлері, өндіріс қызметкерлері, вахталық әдіспен жұмыс жасайтын қызметкерлер, педагог, сауда кәсіпорын қызметкерлері және тағы басқалары екпе алды, - деді Мадина Рахметова.
Облысқа осы уақытқа дейін 699 685 доза вакцина жеткізілген. Қазір қолданыста Гам Ковид Вак, КороноВак, Vero Cell, КазВак вакциналары бар.
Жалпы, облыс көлемінде 2021 жылдың 3 ақпаннан 2022 жылдың 27 сәуір аралығында 1 компонентімен 215 659 адам, 2 компонентімен 212 086 адамға екпе алды. Вакцинаны белсенді алған Ақтау қаласы тұрғындары болса, ең азы Мұнайлы ауданы тұрғындары.
Айта кетейік, Маңғыстау облысы бойынша 26 емханада ревакцинация жүргізіліп жатыр.