«AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалында актив отырысы өтіп, мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын талқылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz «AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жолдауын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жиналысқа аумақтық филиалдардың өкілдері, саяси кеңестердің, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттық фракциялардың, партия жанындағы қоғамдық кеңестердің мүшелері және бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия белсенділері онлайн және офлайн форматта қатысты.
Жиналыста «AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Е.Әбілов жаңа Қазақстанды құру мен жаңғыру жолына бағыттайтын Жолдау партияға да айрықша жауапкершілік пен үлкен міндеттер жүктейтінін айтты.
Сөз алған саяси кеңестің мүшесі, іскер әйелдер қауымдастығының Маңғыстау ауданы бойынша жетекшісі Түймеш Базарқызы Жолдау көптеген өзгеріске бастау болатынын жеткізді. Ана ретінде елімізде әділдік пен ашықтық орнап, еліміздің келешегі кемел болатынына сенім білдірді.
Ал Саяси кеңес Бюросының мүшесі Бекмұрат Жүсіпов депутаттарға жүктелетін міндеттері мен олардың негізгі қызметіне тоқталды.
Облыстық мәслихаттың хатшысы, партияның аймақтық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Нұри Тумышев Жолдауда көрсетілген бірқатар тапсырмалар жөнінде айтып, партиялар арасындағы бәсекелестік партия жұмысын күшейтуге ықпал ететінін айтты.
Жарыссөзге шыққан облыстық мәслихаттың депутаты Киікбай Ешманов, партия ардагері Қажымұрат Хайрушев Жолдаудың партия жұмысында жаңа бастамаларды қолға алуға мүмкіндік беретіндігін айтып, бірқатар тиімді ұсыныстарын жеткізді.
Партия активін қорытындылаған аймақтық филиалдың атқарушы хатшысы Е.Әбілов аумақтық филиалдарға Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді аудан, қала активтерінің, депутаттық фракциялардың, бастауыш партия ұйымдарының жиналыстарында түсіндіруді және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттауды, іске асыру үшін барлық партиялық ресурстарды жұмылдыруды тапсырды.
Сонымен қатар барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын, Саяси және қоғамдық кеңестердің мүшелерін, партияның белсенділері мен жақтастарын, қоғамдық пікір көшбасшыларын, жастарды Жаңа Қазақстанды құру бағытындағы іс-шараларға тартудың маңызды екенін атап өтті.